jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Балқаштағы ЖЭО-ны жөндеу үшін миллиондар ұрланған: ақпарат шындыққа жанаспайды

"Балқаш" ЖЭО
"Балқаш" ЖЭО. Фото: жеке мұрағат

Әлеуметтік желілерде "Kazakhmys Energy" ЖШС жөндеуге бағытталған 677 миллион теңге қолды болды деген ақпарат тарады. Бұл шындыққа жанаспайды.

"Балқашжылу" ЖШС мен Балқаш ЖЭО арасындағы өзара қарым-қатынас жылу энергиясын сатып алу бөлігі келісім шарттық қатынастарға негізделеді. Сонымен қатар "Балқашжылу" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Балқаш ЖЭО алдында 1,8 млрд теңгеден астам берешегі бар.

Балқаш ЖЭО-ның бүкіл жөндеу науқаны тарифтік сметаға енгізілген қаражат есебінен, сондай-ақ акционер – "Қазақмыс Холдинг ЖШС қаражаты есебінен қаржыландырылады.

Осылайша, қолды болды делінген 677 миллион теңгенің БЖЭО жөндеу бағдарламасына еш қатысы жоқ, жарияланған фактілер шындыққа жанаспайды .

Алдағы уақытта уәкілетті органдардан тексерілмеген ақпаратты жарияламауды сұраймыз.

Балқаштағы ЖЭО-ны жөндеу үшін миллиондар ұрланған: ақпарат шындыққа жанаспайды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.