Top.Mail.Ru

Зектілері

Павлодарда 75 жастағы енесін зорлаған ер адам сегіз жылға сотталды

Жарияланған күні:

Кейуананың қолдары
Көрнекі сурет: pixabay.com

Павлодарда қайын енесін зорлаған 54 жастағы азамат сотталды. Бұл туралы irbistv.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Күдіктіге үкімді №2 сотта оқыды. 54 жастағы азамат өз кінәсін мойындаған жоқ. Бірақ іс бойынша жинақталған дәлелдер оның кінәлі екенін растайды.

Қылмыстық істің анық-қанығы толығымен айтылған жоқ. Сот жабық режимде өтті. Бір анығы - аталған істі екі рет зорлау эпизоды бойынша қарастырған.

Зейнеттегі кейуана қызы және күйеубаласымен бірге тұрған. Тергеу мәліметінше, 54 жастағы ер адам 75 жастағы енесін зорлағаны үшін ұсталады.

Судья Айгерім Байсұлтанова күдіктіні 8 жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сондай-ақ айыпталушы жәбірленуші енесіне 5 миллион теңге көлемінде моральлық өтемақы төлеуге міндетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025240-pavlodarda-75-zastagy-enesin-zorlagan-er-adam-segiz-zylga-sottaldy/