Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүздеген млн шығын": ІІМ автокөлікті жалған құжаттар бойынша тіркеген қылмыстық топтарды ұстады

Жарияланған күні:

Жүк көлігі
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанның бірнеше өңірінде құқық қорғау қызметкерлері шетелден әкелінген көліктерді заңсыз тіркеген қылмыстық топтарды ұстады. Бұл туралы Polisia ақпараттық-медиа порталы хабарлады.

Ақпараттық-медиа порталдың жазуынша, ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері шетелден әкелінген автокөліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан қылмыстық топтардың жолын кесу және оларды ұстау бойынша жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді.

Мәселен, Ақмола облысында тіркеуге заңсыз қойылған жүк автокөліктері анықталды.

"Өткен жылдың ақпан айынан ағымдағы жылдың сәуір айына дейін қылмыстық топ алғашқы мемлекеттік тіркеу алымын төлегені туралы жалған құжаттарды пайдалана отырып, 62 жүк автомашинасын қазақстандық есепке қойған", - делінген басылымда.

ІІМ мәліметінше, әрбір жүк автомашинасын алғашқы мемлекеттік тіркегені үшін ресми төлем шамамен 7-8 млн теңге болуы тиіс еді. Алдын ала деректер бойынша мемлекетке келтірілген шығын шамамен 500 млн теңгені құраған.

Құқық қорғау қызметкерлері жүк көлігінің қасында
Жалған құжатен көлік тіркегендер анықталды. Фото: polisia.kz

Алматы қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес қызметкерлері тағы бір қылмыстық топты анықтады. Күдіктілер Қазақстанға Оңтүстік Кореядан жеткізілген жеңіл автокөліктерді заңсыз тіркеген. Сондай-ақ жалған құжаттар бойынша тіркелген 250 автокөлік анықталды, олар мемлекетке келтірілген шығын 340 млн теңгеден астам қаражатты құрады.

Басылым ақпаратынша, бұл жағдайда қылмыстық топ көлік құралдарына жалған құжаттар жасаған, олар шығарылған жылын 2018-2020 жылдар деп өзгерткен, алғашқы мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген соманы төлемеген.

Астана қаласында қылмыстық топ автокөліктерді автобөлшектер түрінде жеткізуді ұйымдастырған және олардың шанақтарын ауыстыру туралы жалған құжаттар арқылы қазақстандық есепке қойған.

"Күдіктілер ұсталып, кінәларын мойындады. Сонымен қатар олардан заттай дәлелдемелер мен жалған құжаттар тәркіленді. Тергеу амалдары жалғасуда", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025337-zuzdegen-mln-sygyn-iim-avtokolikti-zalgan-quzattar-boiynsa-tirkegen-qylmystyq-toptardy-ustady/