Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында денесін түгел күйік шалған кәріз-сорғы станциясының операторы көз жұмды

Жарияланған күні:

Аурухана дәлізіндегі науқас кереуеті
Аурухана дәлізіндегі науқас кереуеті. Көрнекі фото: pexels.com

Ақтөбе облысында денесінің 90-95 пайызын күйік шалған әйел ауруханада 5 күн ем алып, кеше, 19 маусымда көз жұмған. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

Агенттік мәліметінше, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев денесінің 90-95 пайызын күйік шалып, жедел жәрдем ауруханасында ем қабылдаған науқас 19 маусымда түстен кейін көз жұмғанын мәлім еткен.

Еске сала кетсек, 14 маусымда Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылындағы кәріз-сорғы станциясында газ-ауа қосындысы жарылып, оператордың денесін түгел күйік шалған болатын.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, алдын ала болжам бойынша, марқұм кәріз жинау бекетінің есігін ашып, сіріңке жаққан кезде жарылыс болған.

Күйік шалған кезде бірден күйеуіне хабарласып, ол ауруханаға жеткізген.

Әкімдік қазіргі таңда кәріз станциясы өз жұмысын штаттық режимде жалғастырып жатқанын, аталмыш факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ әкімдік оқиғаға өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталмауы себеп болуы мүмкін екенін де айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025511-aqtobe-oblysynda-denesin-tugel-kuiik-salgan-kariz-sorgy-stanciyasynyn-operatory-koz-zumdy/