"Кейбіреулері қарумен келген": ҰҚК Өскеменде қылмыстық топтардың текетіресінің алдын алды (фото)
Жарияланған күні:
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Өскемен қаласының ішкі істер органдарымен бірге өзара текетіресте жүрген екі қылмыстық топты ұстады. Бұл туралы ҰҚК ресми сайтында хабарлады.
Ведомство мәліметінше, 2023 жылғы 15 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Өскемен қаласының ішкі істер органдарымен бірге өзара текетіресте жүрген екі қылмыстық топтың жоспарлап отырған кездесуінің жолын кескен.
"Операция барысында қала кафелерінің бірінде қылмыстық топтың 20-дан аса қатысушысы ұсталды, кейбіреулері бұл жерге қаруларымен келген", - делінген ресми хабарламада.
ҰҚК күдіктілерден 2 "Макаров" тапаншасы, жарақаттаушы тапанша, мылтық, "тегіс ұңғылы шолақ мылтық", дауыс-жарқылды граната және 2 бірлік суық қару тәркіленгенін атап өтті.
Ведомство жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатқанын хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025546-keibireuleri-qarumen-kelgen-uqk-oskemende-qylmystyq-toptar-teketiresinin-aldyn-aldy/