Абай облысында 15 жастағы қыз бала із-түзсіз жоғалып кетті
Жарияланған күні:
Абай облысының полицейлері жоғалып кеткен 15 жастағы қызды іздестіріп жатыр. Ол 19 маусымда үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы жаңалықтар арнасы хабарлады.
Құқық қорғау өкілдерінің айтуынша, дүйсенбі, 19 маусым күні сағат 15:00-де кәмелетке толмаған қыз бала үйден белгісіз бағытта кетіп, сол күйі оралмаған. Александро Юрченко сұр түсті джинсы киген, иығында қара рюкзагы бар.
Жасөспірімнің белгілері: спорттық дене бітімді, көздері жасыл, шаштары ақшыл, иығынан төмен.
"Іздестіріліп жатқан жасөспірімге қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіз, +7 (707) 951-46-65, +7 (707) 503-26-43 немесе 102 телефондары арқылы хабарлауыңызды өтінеміз", – дейді құқық қорғау өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025633-abai-oblysynda-15-zastagy-qyz-bala-iz-tuzsiz-zogalyp-ketti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.