Қарағандыда қатты дауыл кезінде зардап шеккен балаға бірнеше ота жасалады
Жарияланған күні:
Қарағандыда қатты жел кезінде ойын алаңында зардап шеккен балаға бірнеше ота жасалады. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан агенттігі хабарлады.
Агенттік хабарлауынша, Қарағанды облысының бас нейрохирургы Ғабит Махамбаев баланың ауруханаға келген кездегі жағдайы өте ауыр болғанын мәлімдеген.
"Бала есін толық білген жоқ. Бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Бірнеше травма алған. Баланың бет сүйегі мен қолы сынған. Қазіргі күні бала есін біледі. Демалу қабілеті жақсы. Бүгін ота жасауға дайындап жатырмыз", - дейді облыстың бас нейрохирургы Ғабит Махамбаев.
Облыстың бас нейрохирургы балаға толық диагностика жасалады, енді бірнеше ота қажет екенін атап өтті.
"Сынған маңдай сүйегін орнына қоямыз, бет сүйектері сынған, оған да ота жасалады. Төменгі жақ сүйегін орнына қойып, жоғарғы бет сүйегін бекітеді. Оң қолының сынған сүйегін де қалпына келтіреді. Біраз уақыт емделеді, бірақ баланың болашақтағы денсаулығы менің ойымша жақсы болады", - дейді Ғабит Махамбаев.
Агенттік мәліметінше, дәрігерлер зардап шеккен екінші баланың жағдайы жақсы, өміріне қауіп жоқ екенін айтқан.
Еске сала кетейік, 19 маусымда Қарағандыда қатты соққан дауылдан ойын алаңындағы жасанды төсеніш ұшып кетіп, ойнап жүрген балаларға қауіп төндірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025648-qaragandyda-qatty-dauyl-kezinde-zardap-sekken-balaga-birnese-ota-zasalady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.