jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Ішкі істер министрлігі түлектер мен ата-аналарға үндеу жасады

полиция қызметкерлері
Полиция қызметкерлері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ішкі істер министрлігі биылғы мектеп бітіру кештеріндегі қауіпсіздікті сақтау мақсатында түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады. Бұл туралы ІІМ жаңалықтары Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.

Медиа-порталдың мәліметінше, осы аптада елімізде түлектердің “мектеп бітіру кештері” өткізілуде. Былтырғы жылдары түлектердің катысуымен әр түрлі құқық бұзушылықтар тіркелген.

ІІМ өкілдері іс-шаралар өткізілетін орындарда құқықтық тәртіпті тиісінше қамтамасыз ету үшін әрбір оқу орнына полиция қызметкерлері және басшы құрам қатарынан жауаптылар бекітілгенін атап өтті.

Басылымынң жазуынша, қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында полицияның патрульдік нарядтары кеш өткізілетін орындарға барынша жақын орналастырылған.

Ішкі істер министрлігінен жедел басқару орталықтарының бейнебақылау камералары іске қосылғаны, жалпы аталған іс-шараларға 7 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылғаны хабарланды.

"Ата-аналардан және түлектердің өздерінен қоғамдық тәртіпті бұзбауды, жол жүрісі қағидаларын сақтауды, су қоймасында қауіпсіздік шараларын қабылдауды өтінеміз. Тәрбиешілер, ата-аналар және кәмелетке толмағандардың басқа да заңды өкілдері іс-шара аяқталғанға дейін түлектерге тұрақты бақылауды қамтамасыз етуі керек. Құрметті түлектер мен олардың ата-аналары, бұл мереке сіз үшін тек жағымды жағынан есте қалуы керек. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз",- деді ІІМ ӘПК басқарма бастығы Әсет Оспанов.

Ішкі істер министрлігі түлектер мен ата-аналарға үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.