Top.Mail.Ru

Зектілері

1 млрд теңге жұмсалған: ҚМА "Қазақстан барысы" турнирін ұйымдастырушыларды тексеруде

Жарияланған күні:

Ақша
Ақша. Көрнекі фото: Polisia.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі "Қазақстан барысы" турниріне бөлінген 1,075 млрд теңге бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығын тексеруде. Бұл туралы ҚМА Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу аясында "Қазақстан барысы" қазақ күресінен турнир өткізуге бөлінген 1,075 млрд теңге бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығын тексеріп жатқанын хабарлады.

"Басшылардан, мердігер өкілдерінен жауап алу, тінту және құжаттарды алуды қамтитын тергеу әрекеттері жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Құзырлы орган тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025682-qma-qazaqstan-barysy-turnirine-bolingen-1-mlrd-tengeden-astam-byudzet-qarazatyn-tekserude/