Астанадағы емханаларға қайтыс болған адамдарды тіркеген
Жарияланған күні:
Елордалық прокуратура қызметкерлері Астананың Сарыарқа ауданындағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін тексерген. Тексеріс кезінде бірқатар заңбұзушылық анықталған. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасының ресми сайтында хабарланды.
Астана прокуратурасы сапалы және уақтылы дәрігерлік көмек көрсету прокуратураның тұрақты бақылауында екенін атап өтті.
"Астана қаласы Сарыарқа ауданының денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне жүргізілген тексеріс кезінде қала аумағында тұрмайтын азаматтарды, сондай-ақ қайтыс болған адамдарды негізсіз тіркегені анықталды", - делінген қалалық прокура таратқан хабарламада.
Прокурорлар пациенттердің міндетті скринингін (жасы бойынша) және балалардың профилактикалық тексеруден өтпеуі, созылмалы аурулары бар пациенттерге дәрі-дәрмектерді уақтылы жеткізбеу фактілерін анықтады.
Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, тексеру нәтижелері бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізілді. 12,5 мыңнан астам азаматтардың құқықтары қорғалып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025687-astanadagy-emxanalarga-qaitys-bolgan-adamdardy-tirkegen/