Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аяғын өздігінен шығара алмаған": Атырау облысында субұрқақта ойнап жүрген балаға құтқарушылар көмекке келді

Опубликовано:

Он жасар баланың аяғы субұрқаққа қысылып қалды
Құтқару шарасы. Фото: instagram.com/atyrau_tjd

Атырау облысының құтқарушылары субұрқақта ойнап жүріп, аяғы қысылып қалған 10 жасар балаға көмектесті. Бұл туралы Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

Облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға бейсенбі, 20 маусым күні кешкі сағат 8 шамасында болған.

Белгілі болғандай, Атырау қаласы Вокзал маңы мөлтек ауданында орналасқан субұрқақта ойнап жүрген балалардың бірінің аяғы субұрқақтың су шашатын құбырына қысылып қалған. Ол аяғын өздігінен шығара алмаған.

"Осы жағдай бойынша ата-анасы құтқарушылардың көмегіне жүгінді. Құтқарушылар балаға зақым келтірмей, арнайы құтқару құралдарының көмегімен баланың аяғын темір құбырлар арасынан шығарды", – дейді ТЖД өкілдері.

Осы орайда, Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды балаларына субұрқақта ойнап жүргенде жарақат алып қалуы мүмкін екенін, сондықтан қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін, сондай-ақ субұрқақта шомылуға болмайтынын оның қауіпті екенін түсіндіруге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025766-atyrau-oblysynda-qutqarusylar-suburqaqqa-ayagy-qysylyp-qalgan-balaga-komektesti/