Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Жарияланған күні:

Қайрат Құдайберген
Қайрат Құдайберген. Фото: instagram.com/kudaibergen_kairat

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы да яғни, 21 тамызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы шешімді кеше, 20 маусымда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қабылдаған.

"Сот қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органының Қ-ға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін екі айға, яғни 2023 жылғы 21 тамызға дейін ұзарту туралы өтініші қанағаттандырылды және санкцияланды", – делінген сот хабарламасында.

Осылайша, Қайрат Құдайбергенді қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстаудың жалпы мерзімі жеті айға дейін ұзартылып отыр. Соңғы рет оны қамауда ұстау мерзімі бір ай бұрын ұзартылған еді.

Еске салсақ, Қайрат Құдайберген былтыр сәуір айында ұсталған болатын. Содан бері оны қамауға алу мерзімі бүгінге дейін ұзартылып келе жатыр.

Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасы бойынша күдікке ілінген. Дегенмен, ол өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025800-qairat-qudaibergendi-qamauda-ustau-merzimi-tagy-eki-aiga-uzartyldy/