"Отбасы банк" желіде тараған ақпаратқа байланысты түсініктеме берді
Жарияланған күні:
"Отбасы банк" клиенттерінің жеке деректері жарияланды деген желіде тараған ақпаратқа қатысты банк сайтында түсініктеме берілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Отбасы банк" ресми сайтына сілтеме жасап.
"Отбасы банк" АҚ кейбір телеграм арналарында деректердің болжамды жария болуы немесе ІТ-жобаның бұзылуы туралы жарияланған хабарларға жауап ретінде ресми түрде келесіні хабарлайды.
Клиенттердің жеке деректерінің сақталуы алғышарт. Банк жеке деректер мен ақпаратты қорғау саласындағы заңнаманың барлық талаптары мен нормаларын қатаң сақтайды.
Сәйкесінше, Отбасы банкіндегі деректердің сыртқа жарияланып кеткені туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025816-otbasy-bank-zelide-taragan-aqparatqa-bailanysty-tusinikteme-berdi/