Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысында екі күн іздестірілген жасөспірім қыз табылды

Жарияланған күні:

Қыз
Қыз. Көрнекі фото: pixabay.com

Абай облысында екі күн іздестірілген жасөспірім қыз аман-есен табылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында хабарланды.

Полицияның мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шараларының барысында 19 маусымда сағат 15:00-де үйінен белгісіз бағытта шығып, хабар-ошарсыз кеткен жасөспірім табылған.

"Қыз бала Дальняя ауданынан таныстарынан табылды. Үйінен бірінші рет кетуі емес. Қазір ол ата-анасына тапсырылды, оның мінез-құлқы Семей қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қаралады.

Сонымен қатар жасөспірім үйден бірнеше рет кеткені үшін Ішкі істер органдарында (ІІО) панасыз қалғаны үшін есепке алынбақ", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Абай облысының полицейлері жоғалып кеткен 15 жастағы қызды іздестіріп жатқанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025866-abai-oblysynda-eki-kun-izdestirilgen-zasospirim-tabyldy/