Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Porsche көлігін тізгіндеген "ШҚО әкімінің экс-орынбасарының" видеосы желіде талқыға түсті

Опубликовано:

Ер адамның алдында отырып, көлік айдаған кішкентай қыз
Ер адамның алдында отырып, көлік айдаған кішкентай қыз. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Желіде алдына кішкентай қызды отырғызып, көлік жүргізген жүргізушінің видеосы тарады. Бұған қатысты полиция пікір білдірді, деп хабарлайды ІІМ жаңалықтары Telegram-дағы ресми арнасында.

"Баршаңызға қайырлы таң, әсіресе ШҚО әкімінің бұрынғы орынбасары, облыстық мәслихаттың экс-хатшысы, Porsche көлігін мінген қазіргі қарапайым кәсіпкер Григорий Пинчукке. Ал бұл оның туысының Instagram-дағы видеосы. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 612-бабы бойынша 50 АЕК айыппұл қарастырылған. Жәй ғана 180 мың теңге және сені бүкіл ел біледі", - делінген видео астында.

Видеода көлікті тізгіндеген ер адамның алдында кішкентай қыздың рөлді ұстап отырғанын көруге болады.

Оқиғаға қатысты Ішкі істер министрлігі пікір білдірді.

"Абай облысы ПД 22 маусымда Porsche автокөлігінің 58 жастағы жүргізушісіне қатысты жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 593-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлайды", - делінген хабарламада.

Полиция бұл құқық бұзушылық 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025986-porsche-koligin-tizgindegen-sqo-akiminin-eks-orynbasarynyn-videosy-zelide-talqyga-tusi/