Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да түлектердің ата-анасы аттестат алу үшін төлеген ақшасын қайтарып алды

Опубликовано:

Аттестаттар және ақша
Аттестаттар және ақша. Көрнекі фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БҚО департаменті

БҚО-да түлектердің ата-анасы директордың баспа құрылғыларының көмегімен аттестат толтыру үшін ақша жинауына байланысты шағымданған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаменті ресми сайтында хабарлады.

Ведомство хабарлауынша, БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке білім беру ұйымы түлектерінің ата-аналары директордың баспа құрылғыларының көмегімен мектепті бітіргені туралы аттестатты толтыру үшін ақша жинау фактісі бойынша жүгінген.

Осы ақпараттың дұрыстығын тексеру үшін 20 маусымда ANTIKOR Ortalygy сервистік орталығында құзыретті органдар өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.

Оның қорытындысы бойынша 19 мамырда білім беру ұйымы мен ЖШС бірінің арасында мектепті бітіргені туралы аттестаттарды толтыру бойынша қызметті мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғаны анықталды.

"Мемлекеттік сатып алуды өткізу барысында "Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды толтыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 565 бұйрығы бойынша талаптар сақталмаған, яғни баспа құрылғыларының көмегімен аттестаттарды толтыру көрсетілмеген.

Осыған байланысты, мектеп директоры егер ата-аналар электронды түрде толтырылған аттестат алғысы келген жағдайда, ата-аналардан 1000 теңге сомасында ақша жинау туралы нұсқау берген", - деп хабарлады облыстық Антикордан.

БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуынан кейін, түлектердің ата-аналарынан жиналған ақшалай қаражат қайтарылған.

Антикор өкілдері аталған бұзушылыққа жол бергені үшін кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2026092-bqo-tulekterinin-ata-analary-attestat-usin-tolegen-aqsalaryn-qaitaryp-aldy/