jitsu gif branding logo appbranding logo app

Алматыдағы аудандардың бірінде суық су күні бойы өшіріледі

Шүмектен ағып тұрған су
Ағып тұрған суық су. Көрнекі фото: Pixabay.com

Алматының Жетісу ауданында келесі аптада суық су тәулік бойы өшіріледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Жетісу ауданында су құбыры желілеріндегі жоспарлы жұмыстарға байланысты суық су жергілікті жерде өшіріледі", – деп хабарлады Алматы әкімдігі.

27 маусымда сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Солтүстік айналым – Бурундайская – Постышев – Гамарник – Дыбенко шаршы көшелерінде, Крыжицкий көшесінде, Павлодар көшесімен Крыжицкий және Бурундайская көшелерінің арасында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.

Жетісу ауданы
Жетісу ауданындағы аумақ. Скриншот: 2gis.kz

Жұмыс жүргізу кезінде Бекмаханов – Совхозная – Земнухов – Волгоград шаршы көшелерінде желілердегі су қысымының төмендейтіні ескерілген.

Алматыдағы аудандардың бірінде суық су күні бойы өшіріледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.