Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру мерзімі ұзартыла ма: ІІМ жауап берді

Жарияланған күні:

Жол бойындағы көліктер
Жол бойындағы көліктер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру мерзімі ұзартыла ма? Бұл сауалға Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы ведомствода өткен брифингте жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алтынбек Жамалиев бүгінде арнайы ХҚКО-ларда, әсіресе үш мегаполистегі ХҚКО-ларда жұмыс қарбалас екенін атап өтті. Осыған байланысты арнайы ХҚКО-лардың жұмыс уақыты ұзартылған.

"Арнайы ХҚКО-лардың жұмысын ұзарттық. Айта кетейін, егер сіз 1 шілдеге дейін өтініш беріп үлгерсеңіз, онда біз бұл өтінішті қарауды жалғастырамыз, яғни дүрбелеңге салудың қажеті жоқ, дүрлігіп қажет емес, бізде әлі уақыт бар. Көлігіңізді заңдастыру үшін ең бастысы – 1 шілдеге дейін заңдастыруға өтініш беру қажет", – дейді ол.

ІІМ өкілі сондай-ақ "заңдастыру мерзімі қайта қаралуы мүмкін бе" деген сауалға жауап берді.

"Мерзім қайта қаралмайды, яғни заңдастыру мерзімі ұзартылмайды", – дейді Алтынбек Жамалиев.

Оның айтуынша, бүгінге дейін Қазақстанда бұрын шетелде есепте тұрған 177 мыңнан астам автокөлік тіркелген, оның 10 мыңға жуығы автоконструкторлар. Шамамен 13 000 автокөлік иесінің өтініші алдын ала мақұлданған. Жақын арада бұл көліктердің 90 пайызы тіркелуі мүмкін.

Еске салайық, биыл 23 қаңтарда елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік көліктерді заңдастыру басталған еді. Науқан 1 шілдеде аяқталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2026397-qazaqstanda-seteldik-kolikterdi-zandastyru-merzimi-uzartyla-ma-iim-zauap-berdi/