Тоқаевтың атынан 65 БАҚ қызметкеріне пәтер берілді
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында қажырлы қызмет атқарып келе жатқан бірнеше азаматты баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл туралы президентттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook парақшасында жазды.
"Мемлекет басшысының атынан Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында 65 пәтердің кілтін табыстадым.
Марапатталғандардың қатарында журналистер, режиссерлер, монтажерлар, операторлар және басқа да мамандық иелері бар.
Пәтерлер "Дара" президент бастамаларының қоры атынан берілді.
Келе жатқан мереке құтты болсын, әріптестер!", – деп жазды Руслан Желдібай.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2026409-toqaevtyn-atynan-65-baq-qyzmetkerine-pater-berildi/