Ақтөбе қаласына жаңа әкім тағайындалды
Жарияланған күні:
Президент әкімшілігінің және Ақтөбе қалалық мәслихатының келісімі бойынша Азамат Бекет Ақтөбе қаласының әкімі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімдігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Азамат Бекет – Қазақ гуманитарлық-заң университетінің және Экономика және құқық академиясының түлегі.
2016 – 2018 жылдары Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымдарында жұмыс істеген.
2018 – 2020 жылдары Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі болды.
2020 – 2021 жылдары Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
2021 жылдың ақпан айынан Ақтөбе облысының Хромтау ауданының әкімі лауазымын атқарып келді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2026430-aqtobe-qalasyna-zana-akim-tagaiyndaldy/