Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Блогерлерге хиджаб кигені үшін ақша төленеді": ҚМДБ қауесеттерге жауап берді

Жарияланған күні:

Орамал таққан қыз
Орамал таққан қыз. Көрнекі фото: Рexels.com

Белгілі журналис Динара Сәтжан бірнеше күн бұрын "блогерлерге хиджаб кигені үшін ақша төленеді" деп мәлімдеген еді. Осыған қатысты сұраққа бүгін ОКҚ-де өткен брифингте ҚМДБ өкілдері жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ҚМДБ "орамал тағуды жарнамалағаны үшін" ақша төлеу жағдайлары туралы естімегендерін айтты.

"Орамал тағуды жарнамалайтынын немесе ақша төленетіні жайлы естіген жоқпыз.

Әрбір мұсылман әйел үшін орамал тағу – жеке таңдау. Сондықтан осындай тақырыптар жайлы ерекше ұқыптылықпен жариялауды сұраймыз, өйткені бұл дәлелденбеген мәлімдемелер", – деді ҚМДБ төрағасының кеңесшісі Дүйсенбай Кенжетай.

Айта кетейік, бұған дейін Динара Сәтжан кейбір блогерлерден "оранғаны үшін қомақты ақша берілетіні" туралы ұсыныстар естігенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2026457-blogerlerge-xidzab-kigeni-usin-aqsa-tolenedi-qmdb-qauesetterge-zauap-berdi/