Қаңтар оқиғасы кезінде көлікке оқ атқан әскери қызметкер жеті жылға сотталып кетті
Жарияланған күні:
Сот қаңтар оқиғасы бойынша кезекті іске үкім шығарды. Бұл туралы Әскери соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Алматы гарнизонының әскери сотында қаруды қолданумен билікті асыра пайдаланғаны үшін сотқа берілген әскери қызметші Е.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды (Қылмыстық кодекстің 451-бабы 2-бөлігі 1-тармағы).
2022 жылғы 8 қаңтарда Талдықорған қаласында сотталушы Е. "АҚС-74" қаруын қолдану арқылы "Тойота Королла" автокөлігіне бірнеше оқ атып, тоқтау талабына қарамастан қозғалысын жалғастырған.
Нәтижесінде екі адамның денсаулығына ауыр зиян келтіріліп, олардың өліміне әкеп соқтырған.
Сотталушының кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдемелер, яғни, жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, сот-баллистикалық, сот-медициналық сараптамалардың қорытындылары және заттай дәлелдемелермен дәлелденді.
Күдіктінің жасаған әрекеттері ауыр қылмыстар санатына жатады және оны жасағаны үшін 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы қарастырылған.
Сотпен жаза тағайындау кезінде қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай анықталмаған, ал ауырлататын мән-жай ретінде төтенше жағдай кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны, өзі берген антын бұзғанын таныды.
Е-мен жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сотталушыға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Жәбірленушінің пайдасына 7 млн теңге көлемінде моральдық зиян өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2026476-qantar-oqigasy-kezinde-kolikke-oq-atqan-askeri-qyzmetker-zeti-zylga-sottalyp-ketti/