Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен оларға көмектеспеймін": Түркістан облысының әкімі бауырларының кәсібіне қатысты сұраққа жауап берді

Опубликовано:

Дархан Сатыбалды
Дархан Сатыбалды. Фото: ortcom.kz

Бүгін, 27 маусымда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға журналистер тарапынан туған бауырларының кәсібі, кәсіпкер ағаларының облыстағы тендерлерге қатысы жайында сұрақ қойылды. Өңір басшысының сөзінше, бауырлары оның қызметіне араласпайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Дархан Сатыбалды брифингте журналистер қойған сұраққа қатысты сөз қозғау, түсіндіру онсыз да ойында екенін атап өтті. Өңір басшысы өзінің қызметіне бауырлары араласпайтынын айта келе, олармен арада бұрыннан келісім барын жеткізді.

"Мен көпбалалы отбасында өстім. Бір қыз, алты ұл - жеті бауырмыз, мен алтыншысымын. Менің бауырларым бизнеспен айналысуды тоқсаныншы жылдарда-ақ бастаған. Мен ол кезде студент едім. Сексенінші жылдардың соңы, тоқсаныншы жылдардың басы жұмыссыздық көп еді. Сөйтіп саудамен айналыса бастадық.

Менің айтқым келгені - бизнес, кәсіп олардың жұмысы. Менің қызметіме ешқашан бауырларым араласқан емес. Біздің арамызда әуелден өзара келісім бар. Олар менің қызметіме кедергі келтірмейді де, араласпайды да. Мен оларға көмектеспеймін. Бұл Шымкент қаласы әкімі кезінде де солай болған. Аға-інілерімнің жұмысы негізінен Астана қаласында. Шымкент қаласы немесе Түркістан облысына ешқандай қатысы жоқ. Бауырларымның кәсібі, қызметі туралы, кірістері мен салық төлемдері туралы мәліметке қанық емеспін. Ол туралы ештеңе айта алмаймын", - деді брифингте Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Автор: Жанар Пердешқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2026592-men-olarga-komektespeimin-turkistan-oblysynyn-akimi-bauyrlarynyn-kasibine-qatysty-suraqqa-zauap-berdi/