Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арыстанмен арпалысқан": ақтөбелік оператор аң патшасымен қалай бетпе бет келгенін айтты

Опубликовано:

Бақытжан Едігеев
Бақытжан Едігеев. Фото: "Ақтөбе" телеарнасы

"Ақтөбе" арнасының телеоператоры Бақытжан Едігеев жұмыс барысындағы ең қауіпті кезеңді еске алды. Бұл туралы арнаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Бірде қасымдағы журналиспен бірге түсірілімге шыққанбыз. Бірақ аталған шара кейінге шегерілді де, бос қайтпау үшін, зообаққа барамыз деп шештік. Қыстың күні аңдарды қалай баптайды екен, білейік деген ой болды. Қасқырларды түсірдік, жирафты түсірдік. Торда арыстан жатыр екен. Жан-жағынан түсіріп жатырмын.

Халық енді тордағы арыстанды көріп жүр ғой. Мен "наезд" дегенді пайдаландым. Ол үшін жарты метрдей жақындату керек екен. Сол кезде наезд тордың ішіне кіріп кетеді. Арыстан торды жағалап келе жатқан. Мен жарты метрдей қашықтықта түсіріп тұрдым.

Бір кезде арыстан камерамды ұстап алды. Өзіме қарай тартамын, бермейді. Егер камераны жіберіп қойсам, шайнап тастайды. Қаңқасы да қалмайды. Сол кезде дрессировщикке де бағынбай кетті. Сөйтіп бес минуттай арпалысып, камераны тартып алдым. Енді аздап бүлінді. Бірақ басқаның мүлкі болғаннан кейін, ұқыппен қарайсың", - деді Бақытжан Едігеев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2026639-arystanmen-arpalysqan-aqtobelik-operator-an-patsasymen-qalai-betpe-bet-kelgenin-aitty/