Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

11 жасар қыз лифтіде мысықты ұрған: полиция болған жайтқа қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Мысық
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде қыз баланың Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің лифтінде мысықты ұрып жатқаны көрсетілген видео пайда болды. Қалалық ПД баспасөз қызметі болған жайтқа пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Almaty_kris_p Telegram арнасында оңтүстік астанадағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі лифтіде мысықты ұрып жатқан сәт бейнеленген видео жарияланды. Кадрларға сүйенсек, жануарды қыз бала қолымен ұрып, аяқпен тепкен.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, аталған факті бойынша Алмалы ауданы полиция басқармасы тексеріс жүргізген.

"Құқық бұзушылықты ата-анасымен бірге Қарағанды ​​қаласынан туыстарына қонаққа келген 11 жасар қыз жасағаны анықталды. Жадайға қатысты басқа да мән-жайлар анықталуда. Сонымен қатар құқықтық баға беріледі", - деп хабарлады ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2026697-11-zasar-qyz-liftide-mysyqty-urgan-policiya-bolgan-zaitqa-qatysty-pikir-bildirdi/