Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысының тұрғындары жайылымдарға монша суы ағып жатқанын айтып шағымданды

Опубликовано:

Жайылымдық жер
Жайылымдық жер. Көрнекі фото: Pexels.com

Түркістан облысында ыстық бұлақтарға салынған моншалардың лас суы жайылымдарды басып жатыр. Тұрғындар бұл инфекцияның таралуына себеп болуы мүмкін деп қауіптенуде, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, Түркістан облысындағы қоғамдық моншалардан шыққан кір-қоңның суы жайылым мен егістік алқаптарға жайылуда.

Белгілі болғандай, көне шаһар іргесіндегі жер астынан шығатын ыстық судың үстіне кәсіпкерлер жаппай монша салып тастаған. Бірақ термалды судан пайда тауып жатқандардың бірде-бірі лас суды сүзгіден өткізетін қондырғы орнатпаған. Шайынды кәріз жүйесіне емес, далаға ағып жатқан көрінеді.

Ал тұрғындар болса жайылымға жеткен сабынды суды мал ішіп, ауру тарап жатыр деп отыр.

Қоршаған ортаға зиян келтірген бизнес өкілдеріне экологтар ескерту жасап, сүзгі орнатуды айтыпты. Бірақ оған ешкім құлақ аспаған.

Ал жер астынан шыққан ыстық суды пайдаланып жатқан монша қожайындарында рұқсат қағазы да жоқ көрінеді.

"Сабын су негізінен егістік жерге жайылған кезде тазалаудан өтпегеннен кейін, яғни тотығу процесінен өтпегеннен кейін бұл топырақтың құнарын құртады, біріншіден. Екіншіден, топырақтың құнарын құртып, өсімдіктердің тамырына баратын оттегі жетіспеушілігіне әкеледі.

Олай болатын болса, бұл жердегі топырақ құнарсызданып, бұл жер жарамсыз боп қалады деген қауіп бар, тақырға айналуы мүмкін", – дейді Түркістан облысы экология департаментінің бөлім басшысы Әбибулла Қоңырбаев.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2026725-turkistan-oblysynyn-turgyndary-zaiylymdarga-monsa-suy-agyp-zatqanyn-aityp-sagymdandy/