Алматыда ресейлік нөмірі бар автокөлік жүргізушісі жол ережесін 130 мәрте бұзған
Жарияланған күні:
Алматы полицейлері әкімшілік айыппұлдар бойынша қарызы 73 млн теңгеге жеткен 240-тан астам жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа порталы.
ІІМ хабарлауынша, Алматыда республикалық "Борышкер" жедел алдын алу іс-шарасы жүріп жатыр.
Іс-шара Алматыда сот пен сот орындаушыларының қаулысы бойынша салық берешегі және басқа да берешегі бар көліктерді, сондай-ақ төленбеген әкімшілік айыппұлдары бар көліктерді анықтауға бағытталған. Ол жеке сот орындаушыларының және мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің қатысуымен жүзеге асырылады.
"Алматы жолдарында ЖААІШ басталғалы бері 244 көлік тоқтатылып, мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды. Олардың иелерінің сот қаулысы және сот орындаушылары бойынша берешегі, сондай-ақ жалпы сомасы 73 млн теңгеден астам төленбеген әкімшілік айыппұлдары бар", – деп атап өтті Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.
Мәселен, қалада Ресей Федерациясында тіркелген Toyota Camry автокөлігі ұсталды, оның жүргізушісі 4 млн 574 мың 700 теңге сомасында 132 әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.
Сондай-ақ көлік құралдарын басқару құқығы жоқ 133 жүргізуші, бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған 15 жүргізуші және жалған нөмір таққан 13 жүргізуші ұсталған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2026869-almatyda-reseilik-nomiri-bar-avtokolik-zurgizusisinde-45-mln-tengege-130-dan-astam-zan-buzusylyq-anyqtalgan/