Шемонаихада газ құю стансасында болған жарылыстың алдын ала себебі айтылды
Жарияланған күні:
Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласындағы газ құю стансасында болған жарылыстың алдын ала себебі айтылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Шемонаиха ауданының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Алексей Ахаевтың айтуынша, жарылыстың алдын ала себебі белгілі болды.
"Қазіргі уақытта оқыс оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр. Жарылыс болуына - қауіпсіздік техникасының бұзылуы себеп болуы мүмкін. Әзірге бұл негізгі нұсқа ретінде қарастырылуда. Алайда нақты шешім тек тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін шығады", - дейді ол.
Еске сала кетейік, 22 маусымда Шемонаиха қаласында газ баллонын толтыру станциясында жарылыс болып, салдарынан өрт шығып, күйік шалған екі адам ауруханаға жеткізілген болатын.
Кейін ШҚО денсаулық сақтау басқармасы Шемонаиха аудандық ауруханасына төтенше жағдайдан зардап шеккен тағы екі адамның жеткізілгенін хабарлаған еді.
26 маусымда денесінің 100 пайызға жуығын күйік шалған екі адам ауруханада көз жұмды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2026884-semonaixada-gaz-quyu-stansasynda-bolgan-zarylystyn-aldyn-ala-sebebi-aityldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.