Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шілде айында Қазақстанда ауа райы қандай болады

Жарияланған күні:

Жаз мезгілі
Жаз. Көрнекі фото: Рixabay.com

Синоптиктер Қазақстан бойынша шілде айына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Мамандардың болжамынша, айдың бірінші онкүндігінде Қазақстанның батыс облыстарында ауа температурасы түнде +12+17°С-тан +18+23°С-қа дейін, күндіз +21+26°С-тан +30+38°С-қа жоғарылайды. Ал оңтүстік-батыста түнде +15+22°С-тан +20+28°С-қа дейін, күндіз +25+35°С-тан +33+40°С-қа дейін күн ысиды.

Елдің басқа аймақтарында жылы және салқын ауа массаларының ауысуымен температура фонының ауытқуы болады:

  • солтүстік-батыста түнде +12+23°С-тан +10+18°С-қа, күндіз +28+35°С-тан +22+27°С-қа дейін;
  • солтүстікте, орталықта түнде +7+17°С-тан +15+20°С-қа, күндіз +23+33°С-тан +27+35°С-қа дейін;
  • шығыста түнде +3+13°С-тан +13+20°С-қа, күндіз +17+25°С-тан +25+33°С-қа дейін;
  • оңтүстік-шығыста түнде +12+20°С-тан +20+25°С-қа, күндіз +25+33°С - тан +33+38°С-қа дейін, республиканың оңтүстігіндегі таулы аудандарда түнде +5+10°С-тан +8+13°С-қа, күндіз +20+25°С-тан +25+30°С-қа дейін.
  • оңтүстік өңірлерде түнде +17+23°С-тан +20+27°С-қа, күндіз +33+40°С-тан +27+32°С-қа дейін;

Батыста, солтүстік-батыста бірінші онкүндік бойы жаңбыр, кей күндері күндері қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауып, қатты жел соғып, екпіні 15-28 м/с дейін жетуі мүмкін.

Ал онкүндіктің ортасынан бастап Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, осы кезде батыста, оңтүстік-батыста жаңбыр тоқтайды деп болжануда.

Екінші онкүндіктің басында республиканың басым бөлігінде негізінен ыстық және аз бұлтты ауа райы болжанады. Содан кейін екінші онкүндіктің соңында және айдың үшінші онкүндігінде синоптикалық жағдайдың жиі өзгеруіне байланысты, ыстық күндер салқын және жаңбырлы ауа райымен кезектеседі. Ауа температурасының ауытқуы күтілуде:

  • батыста және елдің оңтүстік жартысында түнде +12+20°С-тан +20+26°С-қа дейін, күндіз +23+28°С-тан +31+42°С-қа дейін;
  • республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде түнде +8+15°С-тан +15+23°С-қа дейін, күндіз +20+25°С-тан +27+36°С-қа дейін;

Жалпы алғанда, шілдеде ауаның орташа температурасы солтүстік жартысында климаттық норма шамасында, оңтүстік жартысында - нормадан 1° жоғары болады деп күтілуде. Жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде норма шамасында, солтүстікте, солтүстік-шығыста, шығыста және оңтүстік, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында нормадан көп, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында және Қостанай облысының батысында - нормадан аз болады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027058-silde-aiynda-qazaqstanda-aua-raiy-qandai-bolady/