Атыраудан Алматыға ұшқан ұшақ Қызылордаға шұғыл қонды
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін Атырау-Алматы бағытында ұшқан FlyArystan ұшағында жолаушылардың бірі ауырып қалған соң әуе кемесі шұғыл Қызылордаға қонған. Бұл туралы әуе компаниясы Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
"2023 жылғы 1 шілде күні, сағат 07:00-де КС7196 Атырау-Алматы рейсін орындаған ұшақ жолаушысының жағдайына байланысты Қызылорда қаласына қонуға мәжбүр болғанын хабарлайды", - деді әуе компаниясының өкілдері.
Әуе компаниясының мәліметінше, жолаушы Қызылорда қаласындағы медициналық қызметкерлерге тапсырылған.
Әуе компаниясы ұшаққа жанармай құйылған соң, Алматы қаласына ұшатынны хабарлады.
"Бұл жағдай жолаушылардың жоспарларына әсер еткені үшін шын жүректен кешірім сұраймыз және компания барлық рейсті уақытында орындау үшін бар күшін салып жатқанын еске саламыз", - деді әуе компаниясынан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027089-almatyga-usqan-usaq-zolausynyn-zagdaiyna-bailanysty-qyzylordaga-sugyl-qondy/