Алматыда автобуста жолаушылар пышақтасып, бір адам жарақат алды (видео)
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желіде Алматыда қоғамдық көлік ішінде жолаушылардың бірі жанжал кезінде пышақ жарақатын алғаны жайлы ақпарат тарады. Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оқиғаның видеосы egovpress Telegram арнасында жарияланды.
Видеода жолаушының бірі пышақ жарақатын алған жанжалдың N63 автобуста болғаны айтылады.
Алматы полиция департаменті ресми Telegram арнасында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"Алматы қаласы ПД аталған қылмыстық іс ҚР ҚК-НІҢ 293 бабы 3-тармағы бойынша қозғалып, Бостандық аудандық полиция басқармасында тергеліп жатқандығын мәлімдейді. Аталған қылмысқа қатысты 1991 және 1992 жылы туылған екі күдікті ұсталды.
Алдын ала белгілі болғандай, 26 жасар қала тұрғыны мен қоғамдық көлік жолаушылары арасында жанжал болып, нәтижесінде зардап шеккен азамат пышақ жарақатын алған. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде", - деп жазылды мәлімдемеде.
Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027181-almatyda-avtobusta-zolausylar-pysaqtasyp-bir-adam-zaraqat-aldy-video/