Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өтініштерді қабылдау аяқталды: 1 шілдеден кейін Қазақстанда шетелдік көлікті заңдастыруға бола ма

Жарияланған күні:

Читать на русском
Көлік
Көлік жүргізіп келе жатқан адам. Көрнекі фото: piqsels.com

Бүгін ведомствода өткен брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыруға өтініш қабылдау аяқталғанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Шұғыла Тұрлыбек 23 қаңтардан бастап Ішкі істер министрлігі 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елімізге әкелінген шетелдік көліктерді заңдастыру жұмыстарын өткізгені туралы еске салды.

"1 шілдеден бастап заңдастыруға өтініштерді қабылдау тоқтатылды. Осы уақыт ішінде 196 мыңнан астам көлік заңдастырылды. Сондай-ақ Қазақстанда 12 мыңнан астам конструктор-автокөлік тіркелді, оларды заңдастыру биылғы жылдың 22 мамырында басталған еді", - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Бұл ретте ол 1 шілдеге дейін өтініш беріп үлгерген азаматтардың көлігі заңдастыру талаптарына сай болған жағдайда аталған мерзімнен кейін оларға көліктерін заңдастыру құқығы берілетінін атап өтті.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелік ететін елдерде бұрын тіркелген жері бойынша есептен шығарылмағаны себебінен заңдастырылмаған автокөліктерге келетін болсақ, егер автокөлік басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылған болса, бұл көлік иелеріне қайта экспорттау немесе Қазақстанда келесі жолғы бастапқы тіркеу міндеттемесі бойынша 5 жылға дейін уақытша тіркеу құқығы беріледі.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік көліктерді заңдастыру 23 қаңтарда басталып, 1 шілдеде аяқталған еді.

Осыған байланысты соңғы апталарда Қазақстанның арнайы ХҚКО-ларында үлкен кезек туындаған. Процедураны орындап үлгермеген көлік иелері таңертеңнен кешке дейін кезекте тұрған.

Ал Ішкі істер министрлігінде заңдастыру мерзімін ұзарту мүмкін емес екендігі бірнеше рет атап өтілген.

Сонымен қатар өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталуға бір аптадан астам уақыт қалғанда арнайы ХҚКО-лар күшейтілген жұмыс режиміне көшкен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027309-otinisterdi-qabyldau-ayaqtaldy-1-sildeden-keiin-qazaqstanda-seteldik-kolikti-zandastyruga-bola-ma/