Top.Mail.Ru

Зектілері

Абай облысында өзін "әкімнің көмекшісі" деп таныстырған адамдар кәсіпкерлерден қаржылай көмек сұраған

Жарияланған күні:

Алаяқ
Алаяқ. Көрнекі фото: Polisia.kz

Абай облысының әкімдігі облыста алаяқтықтың жаңа түрі тіркелгенін ескертті. Әкімдік мәліметінше, әлеуметтік желіде өзін облыс әкімінің көмекшісімін деп таныстырып, кәсіпкерлерден ақша сұрайтын алаяқтар пайда болған. Бұл туралы Абай облысы әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.

Ведомство мәліметінше, алаяқтар әлеуметтік желілерде әрекет етеді.

"Абайлаңыз! Алаяқтар!" Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды. Бейтаныс адамдар өздерін мемлекеттік қызметкер немесе облыс әкімінің көмекшісімін деп таныстырып, кәсіпкерлерге қаржылай көмек сұрап жүгінеді", - делінген хабарламада.

Ведомствода аталған жағдай Шығыс Қазақстан облысында тіркелгенін жеткізді. Әкімдікте мұндай жағдай кез келген өңірде қайталануы мүмкін екенін атап өтті.

Сондықтан Абай облысының әкімдігінде қазақстандықтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды.

"Мемлекеттік орган қызметкерлерінің мұндай жағдайларға еш қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдеп, облыс тұрғындарын мұқият болуға және осыған ұқсас хабарлама алған жағдайда дереу құзырлы орган өкілдеріне хабарласуға шақырады", - деп жазады әкімдікте.

Еске сала кетейік, бұған дейін өздерін банк қызметкері ретінде таныстыратын телефон алаяқтары адамның сеніміне кірудің жаңа әдісін ойлап тапқаны туралы жазған едік. Бүгінде мұндай алаяқтық түрі Ресейде жиі кездесуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030835-abai-oblysynda-ozin-akimnin-komeksisi-dep-tanystyrgan-adamdar-kasipkerlerden-qarzylai-komek-suragan/