Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әкімдік Алматыда өрттен қаза тапқан әйелдің отбасына қандай көмек көрсетілетінін айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Тұрғын үй жанында жатқан матрас
Тұрғын үй жанында жатқан матрас. Оқиға орны. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Кеше Алматыдағы Ақкент ықшамауданындағы 16 қабатты тұрғын үйден шыққан өрт салдарынан бір әйел көз жұмды. Алатау ауданы басшылығы қайтыс болған әйелдің отбасына көмектесу үшін қаражат бөлуге уәде берді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Алматы қаласының тұрғыны Әсел Бекмұхаметова "Ақкент" тұрғын үй кешеніндегі өрт салдарынан қайтыс болды. Алатау ауданының әкімдігі марқұмның отбасына қажетті моральдық және материалдық көмек көрсетеді", - делінген хабарламада.

Қала әкімдігінің мәліметінше, қайтыс болған әйелді жерлеу рәсімі Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаражота ауылында өтетіні хабарланды.

Аудан әкімдігі марқұмның жерлеу рәсімін ұйымдастырып, денесін жеткізуге көмектесеміз деп уәде берді.

Ақкент ықшамауданындағы өрт

Еске сала кетейік, 1 тамызда кешке таман Алматының Алатау ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты.

Желіде оқиға орнынан түсірілген кадрлар жарияланды - онда адамдардың терезеден секіріп жатқанын көруге болады.

ТЖД қызметкерлері шақыртудан соң оқиға орнына 6 минут ішінде келген. Онда 16 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатында орналасқан пәтер өртеніп жатқаны анықталды. Лифт шахтасында 5-ші және 6-ші қабатта электр кабельдері жанғаны хабарланды.

Сол күні сағат 18:46-да өрт оқшауланып, сөндірілген болатын.

Көпқабатты тұрғын үйде шыққан өрттен зардап шеккен әйел көз жұмған. Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, өртте барлығы 43 адам жапа шеккен.

16 қабатты тұрғын үйдегі ірі өрттің салдарынан 37 адам қаланың көпбейінді стационарларына жеткізілді, тағы 4 науқас балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Сондай-ақ Алматы әкімі Ерболат Досаев Ақкентте болған өрт салдарынан көз жұмған әйелдің отбасына көңіл айтқаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2030987-akimdik-almatyda-ortten-qaza-tapqan-aieldin-otbasyna-qandai-komek-korsetiletinin-aitty/