Оңтүстіккореялық БАҚ қазақстандық әйелдің жүргізушіге пышақпен шабуыл жасағанын хабарлады
Жарияланған күні:
Сеулде автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды. Ер адам жарақат алған. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Insight басылымы хабарлады.
10 тамызда Сеул полициясы Қазақстан азаматына қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Басылым мәліметінше, 50 жас шамасында әйел өзімен шамалас жастағы автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған. Салдарынан ер адам жарақат алған.
Полицияның хабарлауынша, әйел Ханнам көпірі ауданындағы жолда Кенбу тасжолының аумағында жолға шығып кеткен. Осылайша, ол алда кетіп бара жатқан туристік автобустың жолын бөгеген.
Жүргізуші автобустан шыққан сәтте әйел оның білегіне пышақ сұғып алған. Бірнеше уақыттан кейін қазақстандық ұсталған. Басылымның жазуынша, оқиға болған сәтте автобуста жолаушылар болмаған. Ал зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілген.
NUR.KZ тілшісі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне жүгінді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032227-ontustikkoreyalyq-baq-qazaqstandyq-aieldin-zurgizusige-pysaqpen-sabuyl-zasaganyn-xabarlady/