Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тасжолдарда қандай жылдамдықта жүруге рұқсат етілген

Жарияланған күні:

Читать на русском
Тасжол
Тасжол. Көрнекі фото: pixabay.com

"ҚазАвтоЖолда" Қазақстандағы тасжолдарда тек рұқсат етілген жылдамдықта жүру керектігін еске салды. Сондай-ақ компанияда жүргізушілерге үндеу жасады. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясының ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Компанияда тасжолдағы шектеулі жылдамдықтың мәндерін еске салды:

  • I-a санаты – 140 км/сағ;
  • I-b санаты – 110 км/сағ.

II және III санаттағы жолдарда жылдамдықтың шекті мәні басқа шектеулер болмаған жағдайда 100 км/сағ. құрайды.

"Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерде ордерге сәйкес арнайы жол белгілері қарастырылған", — делінген компанияның хабарламасында.

Сондай-ақ "ҚазАвтоЖол" қазақстандық жүргізушілерге үндеу жасады.

"Жылдамдық режимі жол қозғалысы ережелерімен реттеледі. Белгіленген қозғалыс жылдамдығын асыру үлкен қауіп тудырады.

Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін асырмауға және қауіпті маневрлер жасаумауға шақырамыз", — делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында.

Жол қозғалысы ережелерімен толығырақ сілтеме арқылы өтіп, танысуға болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде қала сыртындағы жолдарда жылдамдықты асырған автокөліктерді тіркейтін аппараттық жүйе іске қосылатыны туралы жазған едік.

ІІМ ақпаратынша, бұл жүйені іске қосудағы мақсат — жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша бақылауды күшейту.

"33 ZEREK-2 бағдарламалық-аппараттық кешені әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі жүйесімен интеграцияланған, яғни, нұсқамаларды құқық бұзушыларға жіберу автоматты режимде жүзеге асырылатын болады", - дейді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Оның сөзінше, бүгінде ZEREK-2 мынадай автожолдарда жұмыс істеуге дайын:

  • Шымкент – Қызылорда;
  • Шымкент – Өзбекстан шекарасы;
  • Шымкент – Тараз;
  • Тараз – Қайнар;
  • Қонаев – Талдықорған;
  • Астана – Павлодар.

Сондай-ақ ІІМ осындай бағдарламалық кешен Көкшетау – Астана тасжолында бұрын іске қосылғанын атап өткен болатын.

Ішкі істер министрлігі дерегінше, жеті мыңға жуық жол-көлік оқиғасының ішінде 730 жол-көлік оқиғасы қала сыртындағы тасжолдарда жылдамдық режимін сақтамаудан болған. Салдарынан 300-ден астам адам қаза тауып, 1200-ден астам адам зардап шеккен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034086-qazaqstanda-respublikalyq-taszoldarda-qandai-zyldamdyqta-zuruge-ruqsat-etilgen/