Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өрмелеп шыққан Тәжікстаннан келген қонақтардың өздері": Астана әкімдігі шу болған көрме туралы айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Астанадағы Тәжікстан көрмесі
Астанадағы Тәжікстан көрмесі: instagram.com/astanovka98/

Елорда әкімдігінің өкілі Мақсат Жаңабаев Астанадағы Тәжікстан көрмесінде болған жағдай туралы жауап берді. Бұған дейін әлеуметтік желіде адамдардың көрме тауарларын жапатармағай алып жатқаны түсірілген видео пайда болған еді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері Астана "кімдігі өкілінен Тәжікстан көрмесіндегі адамдардың іс-әрекетін азық-түлік қауіпсіздігін сезінбеуімен байланыстыруға бола ма деп сұрады.

Бұған жауап ретінде Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев көрмеге Тәжікстанның Соғды облысының 300-ден астам ауыл шаруашылығы кәсіпорындарынан 1000 тоннадан астам өнім әкелінгенін айтты.

"Шынымен, бұл тауарларды адамдар алды ма деген сұрақ туындайды. Біздің әріптестеріміз, тәжік достарымыз бұл өнімді алып кетуге болатынын айтты, өйткені өнімдер күн астында бұзылып кетуі мүмкін.

Тауарлар өте қызық болды. Бүгінгі күні біз Тәжікстаннан қарбыз әкелмейміз, өйткені бұл жерден тасымалдау өте қымбат болғандықтан, тұрғындар Тәжікстаннан келген тәтті қарбыз, тәтті қауын жеп көруге қызығушылық танытты. Шынымен өте дәмді, өзім дәм татып көрдім. Сондықтан адамдар тәжік достарымыз әкелген өнімдерден дәм татқысы келді деп ойлаймын", - деді ол.

Оның айтуынша, шара өте жақсы өтті.

"Ешқандай төбелес немесе басқа да (жағымсыз – ред.) сәттер болған жоқ. Олар екі күнде 1000 тонна өнім сатты. Бір бөлігін ақшаға, кейбірін өздері ерікті түрде халыққа тегін берді.

Өрмелеп шыққандар - Тәжікстаннан келген қонақтарымыздың өздері. Ол жерден халыққа тегін алып берді. Пирамида секілді жасаған да фермерлердің өздері. Пирамадаға өздері шығып біздің тұрғындарға таратты. Бұл қауіпсіздік мақсатында болды" , - деп сендірді спикер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034288-ormelep-syqqan-tazikstannan-kelgen-qonaqtardyn-ozderi-astana-akimdigi-su-bolgan-korme-turaly-aitty/