Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Неліктен оқу жылын қайтадан 25 мамырда аяқтау туралы шешім қабылданды: Тамара Дүйсенова себебін түсіндірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Мектеп оқушылары
Мектеп оқушылары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Премьер-министрдің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Тамара Дүйсенова министрлер кабинетінің кулуарында неліктен оқу жылын қайтадан 25 мамырда аяқтау туралы шешім қабылданғанын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Журналистер Тамара Дүйсеновадан оқу жылын 25 мамырда аяқтау туралы шешімнің себебін сұрады.

"Мен бұл туралы (алдағы оқу жылы 25 мамырда аяқталатыны – ред.) мәлімдеген болатынмын. Атап өткім келетіні, балалар 36 аптадан 40 аптаға дейін оқиды – бұл әлемдік тәжірибе.

Бірақ бұған дайындалу керек. Оның ішінде оқу бағдарламасы, ұйымдастыру жұмыстары бар, оған инфрақұрылымды қосыңыз. Сондықтан біз келесі жылды 34 апталық оқу жылымен, яғни, 25 мамырда аяқтаймыз деп шешім қабылдадық", - дейді Тамара Дүйсенова.

Оның сөзінше, мектептердің салыну қарқынына қарай, оқу жылын ұзарту мәселесіне қайта оралуға болады.

"Қазір көп мектеп салынып жатыр, біз апатты жағдайда тұрған мектептер мен үш ауысымдағы мектептер мәселесін шешіп жатырмыз. Өңірлердегі мектептер балалар бір сыныпта 25-30 адам оқи алатындай инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге дайын болуы керек. Тиісті жағдай жасалса, біздің ерекшеліктерді ескере отырып, бұл мәселеге (сол кезде - ред.) қайта оралуға болады", - дейді Тамара Дүйсенова.

Еске сала кетейік, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова биылғы оқу жылында 36 апталық оқу мерзімі 34 апталық оқу мерзіміне ауыстырылып, оқушылар қайтадан 25 мамырға дейін оқитынын мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2034446-nelikten-oqu-zylyn-qaitadan-25-mamyrda-ayaqtau-turaly-sesim-qabyldandy-tamara-duisenova-sebebin-tusindirdi/