Бүгін Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
12 қыркүйекте, сейсенбі күні Қазақстанның ірі қалаларында жел тұруы мүмкін. Сондай-ақ жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжануда. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.
Синоптиктердің болжамынша, 12 қыркүйек күні Астанада көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +13...+15 градус болса, түнде +10...+12 градусқа төмендейді. Желдің жылдамдығы күндіз 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Сондай-ақ елордада дауылдық ескерту жарияланған.
Алматыда бүгін күн бұлтты және өткінші жаңбыр жауады деп күтіледі. Синоптиктер оңтүстік астанада күндіз ауа температурасы +19...+20 градусқа жетсе, түнде +13...+15 градусқа дейін төмендейді деп болжап отыр. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Шымкент қаласында керісінше, күндіз көшпелі бұлтты және жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы күндіз +23...+25 градус болса, түнде +10...+12 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036196-bugin-qazaqstannyn-iri-qalalarynda-aua-raiy-qandai-bolady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.