"Найзағай, жаңбыр, тұман": бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
Синоптиктер бүгін, 14 қыркүйекте елімізде қандай ауа райы күтілетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазгидромет ресми сайтына сілтеме жасап.
Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.
Республика бойынша екпінді жел, түнде және таңертең – тұман, Қазақстанның орталығында орталығында бұршақ жаууы ықтимал.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында өрт қаупі сақталады.
Синоптиктер Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, еліміздің батысы мен оңтүстігінде өрт қаупі жоғары екенін ескертті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036515-naizagai-zanbyr-tuman-bugin-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.