Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әділет министрлігі қазақстандықтарға жаңа алаяқтық схемасы туралы ескертті

Жарияланған күні:

Читать на русском
Телефон қарап отырған қыз
Телефон ұстаған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Cоңғы кездері алаяқтар өздерін әділет органдарының өкілдеріміз деп таныстырып, қазақстандықтардың жеке деректерін сұрай бастаған. Әділет министрлігі осындай алаяқтық әрекеттерден сақтануға шақырады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство мәліметінше, өздерін Әділет органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып жүрген алаяқтар азаматтарды сендіру үшін мемлекеттік қызметшінің ID карталарын көрсетуде. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Оның айтуынша, алаяқтар азаматтарға хабарласып өздерін Әділет министрлігінің басшылары немесе қызметкерлері ретінде таныстырып, жеке деректерін сұрауда.

"Әділет министрлігі бейтаныс азаматтарға немесе телефон шалған бөтен тұлғалар мен интернет-ресурстарға дербес деректері туралы (жеке куәлік деректері, ЖСН нөмірі, банк карточкаларының мәліметі, мекен-жайы) мәліметтерін таратпауды сұрайды. Әділет министрігінің қызметкерлері телефон арқылы азаматтардың жеке деректерін сұратпайды. Егерде сіз аталған фактілермен бетпе-бет келген болсаңыз, құқық қорғау органдарына хабарласуларыңыз қажет", - делінген хабарламада.

Ведомство министрліктің қызметі туралы қандай да бір ақпарат алғыңыз келсе, 119 нөмірі арқылы Call орталыққа хабарласуға болатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037022-adilet-ministrligi-qazaqstandyqtarga-zana-alayaqtyq-sxemasy-turaly-eskertti/