Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жасанды интеллект өткізген әлемдегі алғашқы неке қию рәсімі": Алматыда ерекше той өтті

Жарияланған күні:

Читать на русском
Үйлену тойы
Үйлену тойы. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандық маркетологтар Айбол Қабылбаев пен Алина Құрбанова ерекше үйлену тойын жасады. Олардың неке қию рәсімін жасанды интеллект өткізген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жас жұбайлар үйлену тойынан қызықты видеоны Instagram-дағы парақшасында бөліскен.

Олардың сөзінше, бұл – жасанды интеллект өткізген әлемдегі алғашқы неке қию рәсімі.

"Біз маркетолог жұп ретінде үйлену тойымызда ерекше бір нәрсе жасағымыз келді. Нейрожелі мүмкіндіктерін қолданбау да әбестік болар еді.

Сондықтан әлемде алғаш рет (тексердік) неке қию рәсімін жасанды интеллект өткізді. Ең үздік коллаборация: қазақтың тойы мен жасанды интеллект", - деп жазды жаңадан отау құрған жұп.

Желі қолданушылары жас жұбайлардың тың идеясына таң қалып, оларды құттықтады.

"Құттықтаймыз. Күтпеген көрініс, асаба мамандығына қауіп төніп тұр екен"," Бұл - фантастика", "Керемет жасадыңдар", - деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037403-zasandy-intellekt-otkizgen-alemdegi-algasqy-neke-qiyu-rasimi-almatyda-erekse-toi-otti-video/