Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бала зорлағандарды өмір бойына бас бостандығынан айыру ұсынылды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ойыншық
Көрнекі фото: piqsels.com

Мәжілісте балалардың қауіпсіздігіне қатысты заңнамаға өзгертулер енгізу ұсынылып жатқаны хабарланды. Бала зорлағандарды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы ұсынылып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Дина Зәкиеваның хабарлауынша, қазір заңнамада кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық жасағаны үшін 15 жыл, 17 жыл, 20 жылға бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза нұсқалары енгізілген.

"Сонымен қатар кәмелетке толмағандарды зорлауға қатысты қылмыс үшін жазаны одан әрі қатайтып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын ғана қалдыру қажет. 15 жыл, 20 жыл дегенді алып тастау керек. Біз тек өмір бойына бас бостандығынан айыруды ғана қалдыруды ұсынамыз", - деді Зәкиева.

Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің айтуынша, кәмелетке толмағандарға орташа және ауыр зиян келтіргені үшін бас бостандығынан шектеу дегенді алып тастап, өмір бойына бас бостандығынан айыруды ғана қалдыру керек.

"Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне "Кәмелетке толмағандарға жыныстық сипаттағы тиісу" бабы мен ондай жағдайда жазалауды енгізу қажет", - деді спикер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038839-maziliste-bala-zorlagandardy-omir-boiyna-bas-bostandygynan-aiyru-usynyldy/