Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда полицей ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Күдіктіні ұстау сәті
Күдіктіні ұстау сәті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Кеше, 21 қазан күні Оралда полиция қызметкері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тәртіп сақшысы пара алды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Порталдың хабарлауынша, мессенджерлерде 21 қазанда сағат 14:00-де оралдық полиция қызметкерінің ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды.

"БҚО полиция департаменті ішкі қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері Орал қалалық ішкі істер басқармасы учаскелік полиция инспекторы Асылан Болатқалиевті ұстады. Хабарламада тұтқындау сәтінің фотосы қоса берілген", – делінген порталдың хабарламасында.

Порталдың БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, полицей ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сондай-ақ ведомстводан алынған параның көлемі мен сотқа дейінгі тергеу қандай бап бойынша жүргізіліп жатқаны туралы кейінірек ақпарат беретінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2042071-oralda-policei-ustalyp-uaqytsa-ustau-izolyatoryna-qamaldy/