Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір-біріне тас, шөлмек лақтырған": Ақтауда полицейлер жаппай төбелестен кейін 76 адамды ұстады

Опубликовано:

Ұсталған күдіктілер
Ұсталған күдіктілер. Көрнекі фото: polisia.kz

27 қазан күні Ақтауда тас жолдың бойында төбелес ұйымдастырды деген күдікпен 76 адам ұсталған, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, әлеуметтік желіде бір топ жасөспірім бір-біріне тас, шөлмек бөтелкелер лақтырып, төбелескен сәтінің видеосы тараған. Оқиға Ақтау қаласы 27-ші және 28-ші ықшамауданның ортасындағы тас жолда болғаны анықталған.

"Оқиға орнына полиция қызметкерлерінің жасағы барып, Ақтау қаласы полиция басқармасына 15-18 жас аралығындағы 76 адам жеткізілді.

56 кәмелетке толмаған баланың ата-анасына қарсы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 442-бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, жауапқа тартылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ ведомство Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, 6 адамға бұлтартпау шарасы қолданылып, қамауға алынғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043200-bir-birine-tas-solmek-laqtyrgan-aqtauda-policeiler-buzaqylyq-zasady-dep-kudiktelgen-76-turgyndy-ustady/