Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүгір немесе өлесің": ІІМ желіде балалар арасында тараған өмірге қауіпті ойын туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

көлік жүргізіп келе жатқан адам
Көлік жүргізушісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ішкі істер министрлігі "Жүгір немесе өлесің" ойыны туралы таралған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында.

Ведомствоның хабарлауынша, әлеуметтік желіде "Жүгір немесе өлесің" сияқты жасөспірімдердің қауіпті ойындары туралы видео таратылуда.

Бүгінгі таңда елімізде мұндай деректер тіркелген жоқ.

Ведомствоның дерегінше, жалпы биылғы жылдың 9 айында елімізде кәмелетке толмағандардың қатысуымен 2,5 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 200-ден астам бала көз жұмған және 3 мыңға жуық бала жарақат алған. Жол апатынан зардап шеккен балалардың бәрі жолаушы немесе жаяу жүргінші болған.

Ішкі істер министрлігі жол жүрісіне қатысушы кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға, өмірге қауіп төндіретін әрекеттерден қорғауға және барлық азаматты жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін желіде қазақстандық жасөспірімдердің өмірге қауіпті ойыны туралы ақпарат пайда болған еді - балалар жүріп келе жатқан көліктің алдын кесіп өтіп, жолдан жүгіріп өтетіні туралы хабарланған. Полицейлер бұл жайтқа байланысты үндеу жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043555-zugir-nemese-olesin-iim-zelide-balalar-arasynda-taragan-omirge-qauipti-oiyn-turaly-aqparatqa-qatysty-pikir-bildirdi/