Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда халық саны 20 миллионға жақындап қалды

Жарияланған күні:

Көшеде кетіп бара жатқан адамдар
Көшеде кетіп бара жатқан адамдар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ұлттық статистика бюросы 2023 жылғы 1 қазандағы дерек бойынша Қазақстан халқының санына қатысты жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

2023 жылғы 1 қазандағы дерек бойынша "Қазақстан Республикасы халық санының өзгеруі туралы" кесте Ұлттық статистика бюросының ресми сайтында жарияланды.

Кестеде көрсетілген мәлімет бойынша елімізде халық саны 19 967 964 адамға жеткен. Оның ішінде 12 387 957-і қала тұрғыны болса, 7 580 007-і ауыл тұрғыны.

Жыл басынан бері халық саны 1,02 пайызға, яғни, 201,1 мың адамға өскен.

Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астанада (4,06 пайыз), Алматы (2,28 пайыз) қалаларында және Маңғыстау (1,94 пайыз) облысында тіркелген.

Республикалық маңызы бар қалалардан басқа тұрғындар саны миллионнан асатын аймақтар арасында – Түркістан (2 137 694), Алматы (1 524 539), Жамбыл(1 221 976) және Қарағанды (1 135 601) облыстары бар.

Сарапшылардың мәліметінше, халықтың табиғи өсімі есебінен, яғни туу және қайтыс болу деректерін ескергенде, халық саны 194 753 адамға өсті. Көші-қон өсімі есебінен халық саны 6 404 адамға көбейді, бұл сальдоның оң екенін көрсетеді.

Халықтың табиғи қозғалысы есебінен өсудің ең жоғары қарқыны Түркістан облысында байқалған. Мұнда халық саны 34 097 адамға, Шымкент қаласында 19 242 адамға, Алматы облысында 18 251 адамға жетті.

Сарапшылар халық өсімінің аталған қарқынына байланысты 2023 жылғы қарашада елімізде адам саны 20 миллионға жетуі мүмкін екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043617-qazaqstanda-xalyq-sany-20-millionga-zaqyndap-qaldy/