Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үш адам қаза тапты: ШҚО тасжолында жантүршігерлік жол апаты орын алды

Опубликовано:

ШҚО-дағы жол апаты
ШҚО-дағы жол апаты. Фото: instagram.com/eastkazpolice

Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолда екі көлік соқтығысып, салдарынан үш адам қаза тапты. Жол-көлік оқиғасынан тағы үш адам зардап шекті, деп жазады KAZ.NUR.KZ өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметіне сәйкес, жол-көлік оқиғасы 4 қараша күні сағат 11.20 шамасында "Өскемен-Рахман қайнары" тасжолының 110-шақырымында болған.

"Тойота Камри" және "Митсубиси" маркалы автокөліктер соқтығысты. Салдарынан үш жолаушы оқиға орнында мерт болды.

"Нәтижесінде үш жолаушы сол жерде қайтыс болды, тағы үш адам түрлі жарақаттармен медициналық мекемелерге жеткізілді", - делінген ресми хабарламада.

ШҚО полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбековтың мәлімдеуінше, аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

"Жылдамдықты асырмаңыз, жол жүрісі қағидаларын, жылдамдық режимін және қашықтықты сақтаңыз, кенеттен маневрлер мен басып озудан аулақ болыңыз. Жол бойындағы жаяу жүргіншілерге өте мұқият болыңыз, айналаңыздағы жол жағдайын қадағалаңыз. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз", - деді Омарбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044182-us-adam-qaza-tapty-sqo-taszolynda-zantursigerlik-zol-apaty-oryn-aldy/