Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысының тұрғындары аудан әкімдерінің сайлауында жоғары белсенділік көрсетті

Опубликовано:

Түркістан облысында сайлау өтуде
Түркістан облысында сайлау өтуде. Фото: Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін, 5 қарашада Түркістан облысында төрт ауданда әкім сайлауы өтіп жатыр. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған пилоттық негіздегі сайлау өткен жылы ауыл әкімдері арасында өтсе, биыл аудан басшыларын халық сайлауда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Түркістан облысындағы науқанда дауыс берушілердің белсенділігі жоғары. Олардың қатарында ғасыр жасаған қариялар мен ең алғаш рет дауыс берген азаматтар да бар.

Түркістан облысында сайлау өтуде
Түркістан облысында сайлау өтуде: Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін республикамыз бойынша 45 аудан-қала әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр. Оның қатарында Түркістан облысында Созақ, Бәйдібек, Мақтаарал және Шардара аудандары бар. Төрт аудандағы жалпы 185 сайлау учаскесі таңғы сағат жетіден өз жұмыстарын бастап кетті.

Түркістан облысында сайлау өтуде
Түркістан облысында сайлау өтуде: Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Барлық сайлау орындары материалдық-техникалық жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да жағдай жасалған. Учаскелерде тәуелсіз бақылаушылар мен еріктілер белсенді жұмыс атқаруда.

Түркістан облысында сайлау өтуде
Түркістан. Фото облысында сайлау өтуде: Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Айта кетейік, төрт аудан бойынша жалпы 180 мыңға жуық дауыс беруші бар. Ал аудан әкіміне үміткерлердің саны – 12. Таңғы 07:00-ден басталған науқан кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044204-turkistan-oblysynyn-turgyndary-audan-akimderinin-sailauynda-zogary-belsendilik-korsetti/