Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда тұрғын үйлердің бірінен 15 метр қашықта сібір жарасымен ауырғандардың қорымы табылды

Опубликовано:

Қоршауға алынған аймақ
Қоршауға алынған аймақ. Көрнекі фото: pexels.com

Оралда екі тұрғын үйге жақын маңда сібір жарасымен ауырғандардың қорымы табылды. Біріншісі тұрғын үйлердің бірінен 15 метр қашықта орналасқан, екіншісі болса тұрғын үйден 50 метр қашықта орналасқан. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Әділхан Сабуров мәлімдеді, деп хабарлайды "Мой город".

Басылым хабары бойынша бүгінде облыста 222 сібір жарасымен ауырған мал қорымы тіркелген. Сонымен қатар 2017-2023 жылдар аралығында елді мекенннің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оларды қоршауға алу үшін бюджеттен мүлдем қаражат бөлінбегені анықталған.

Әділхан Сабуровтың айтуынша, мал қорымдарының басым бөлігі заң талабына сай болмаған, нысандар қарапайым құрылған.

Оралда бірінші сібір жарасы қорымы тұрғын үйлердің бірінен 15 метр қашықта, екіншісі тұрғын үйден 50 метр қашықта орналасқан. Ал 83 метр қашықта Дерқұл ауыл округі әкімдігінің ғимараты бар.

Басылым Сабуровтың сөзіне сүйеніп жазуынша, Сырым ауданында 32 қорымда мүлдем қоршауы, я болмаса қандай да бір ескерту белгілері болмаған. Сондай-ақ Мұндай мысалдар көптеп кездесетінін атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы.

Одан бөлек басылым мәліметіне сүйенсек, сібір жарасымен ауырып өлген мал қорымдары санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай болмаған жағдайда олар аса қауіпті объектілер қатарына кіреді. Мұндай қорымдарда санитариялық қауіпсіз аймағының қашықтығы 1000 метрден кем болмауы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2045286-oralda-turgyn-uilerdin-birinen-15-metr-qasyqta-sibir-zarasymen-auyrgandardyn-qorymy-tabyldy/